Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шахмат Олимпиадасында әйелдер құрамасы тағы жеңіске жетті

6 Тамыз 2022, 22:40
2124
Бөлісу:

Шахмат Олимпиадасында еліміздің әйелдер құрамасы тағы жеңіске жетті.

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында еліміздің әйелдер құрамасы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Еліміздің әйелдер құрамасы Словакиядан 3,5:0,5 есебімен басым түсті.

Қазақстандық шахматшылар қатарынан Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Ксения Балабаева қарсыласымен тең түсті. Бұл - қазақстандықтардың алтыншы жеңісі.

Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Вьетнамды 2,5:1,5, Гватемаланы 4:0 есебімен жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті. Ал Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды.

Өзгелердің жаңалығы