Шағын және орта кәсіпкерлікті қалай дамытамыз

11 Қыркүйек 2023, 16:19
1084
Бөлісу:
Шағын және орта кәсіпкерлікті қалай дамытамыз
VIDEO

«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны еліміздегі шағын және орта бизнеске бағытталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл наурыздағы Жолдауында кәсіпкерлерге үндеу жасаған болатын. Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілетінін де айтты. Сонымен қатар бірыңғай кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Шағын және орта кәсіпсіз мемлекеттің макроэкономикалық жағдайы туралы әңгіме қозғау бекер екені белгілі. Ол ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Кәсіпкерлік дамыса, жаңа жұмыс күші көбейіп, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптасады. Мемлекеттің ішкі жалпы өнім көлемі артып, қазына қаражаты молаяды. Сондықтан дамыған елдер азаматтардың кәсіппен айналысуына барынша жағдай жасауға тырысып бағады. Бізде де 2020 жылдың қаңтарынан бастап 3 жыл мерзімге шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге профилактикалық бақылауға мораторий жарияланды.

Бәсекеге қабілетті қоғамды қайтсек қалыптастырамыз? Бизнесті қорғаудың қандай бағыттары бар? Саланы қалай дамытуға болады? Арнайы репортаж осы сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының өткен саны елдегі инфрақұрылымның қалай дамып жатқанына арналған болатын.

Өзгелердің жаңалығы