Шағын автобус бір жасар сәбиді басып кетті

13 Тамыз 2022, 12:57
1185
Бөлісу:
Шағын автобус бір жасар сәбиді басып кетті

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында бір жасар бала автобус астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ  өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шамалған ауылының тұрғыны үлкен ұлын балаларды балабақшаға таситын автобусқа алып келген. Кіші баласы осы уақытта әйелдің жанында, бірақ шағын автобусқа тым жақын тұрған. Автобус қозғалған кезде бала дөңгелек астына түсіп қаза болды.

Шағын автобус рөлінде 69 жастағы ер адам отырған. Ол балаларды балабақшаға тасумен айналысқан, - деді полиция департаментіндегілер.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының үшінші бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы