«Шағала». Қазақстанның өз Bayraktar-ы бар

5 Ақпан 2021, 22:08
2189
Бөлісу:
«Шағала». Қазақстанның өз Bayraktar-ы бар
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шағала» жаңа барлау ұшқышсыз авиация кешенінің  сынақ ұшулары орындалды. Бұл ұшқышсыз ұшу аппаратын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған.

Қазіргі заманғы әскери қақтығыстарда ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануы, осындай құрылғылар жасау қажеттігін дәлелдеді. Ұлттық қорғаныс университетінде қарсыластың бронды техникасы мен күшіне қарсы тиімді қару ретінде тек барлау дрондарын ғана емес, сонымен қатар соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдануға да талдау жасады.

«Шағала». Қазақстанның өз Bayraktar-ы бар

«Шағала» барлаушы ұшқышсыз ұшу аппаратының тәжірибедегі нұсқасы бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, байланыс арнасы қорғалған жеке криптографиялық хаттамамен жабдықталған.

Ұшқышсыз ұшу аппараты ауқымында әскерлерді отандық әзірлемелермен қамтамасыз етуге деген ұмтылыс қуантады. Дегенмен, бұл осындай шетелдік құрылғылармен бірдей болмауы керек. Отандық аппараттардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын әзірлеу кезінде қазақстандық армияның барлық қажеттіліктерін, біздің қорғаныс мақсатындағы географиялық ерекшеліктерді ескеру қажет, - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.

Зерттеуге арналған үлгіні полигонда сынақтан өткізу кезінде әскери ғалымдар төмен температураға төзімді қуат көзінің жаңа өнімін сынақтан өткізді. Ерекше аккумулятор батареялары –  Ұлттық қорғаныс университеті мамандарының  ойлап тапқандары.

«Шағала». Қазақстанның өз Bayraktar-ы бар

Қорғаныс министрінің орынбасары қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісі Қазақстанда жасалмайтын тораптар мен агрегаттардың импортын барынша азайта отырып, отандық қорғаныс өнеркәсібінің мүмкіндіктерін терең интеграциялауды көздейтініне назар аударды.

 «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппаратын шығару үшін отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін ескере отырып, қызмет көрсету, техниктер мен операторларды оқыту бағдарламалары, сондай-ақ Қарулы Күштердің оқу орындары мен бөлімдерінде оны енгізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты операторларының жауынгерлік даярлық курсы әзірленді.

«Шағала». Қазақстанның өз Bayraktar-ы бар

Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы полковник Қуандық Ақшолақовтың айтуынша «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппараты, осыған ұқсас шетелдік аппараттардың техникалық сипаттамаларынан кем түспейді, керісінше өзіндік артықшылықтарға ие.

Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейінгі аралықты құрайды. Ауада ол екі жарым сағатқа дейін болады, желдің екпіні секундына 14 метрге дейін күшейген кезде, ауада өзін тұрақты ұстайды. Болашақта біз оны взводтан батальонға дейінгі буындағы әскерлердің қару-жарақ қатарына қосуды жоспарлап отырмыз, - деді әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы полковник Қуандық Ақшолақов

Сынақ ретіндегі ұшулар бағдарламасында «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппаратын дайындаудың әртүрлі кезеңдері мен жұмыс режимдері ұсынылды.

Ғылыми жұмыстың нәтижелері патенттелген және де тәжірибе аяқталғаннан кейін барлық атқарылған жұмыстар Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы