Шағын бизнеске 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша несие беріледі – Дәленов

8 Маусым 2020, 11:38
1368
Бөлісу:
Шағын бизнеске 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша несие беріледі – Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын бизнесті 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша микрокредиттеу осы айдан бастап жүзеге асырылады Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуі кезінде ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Шағын бизнесті қолдау - маңызды мәселе. Несиелер мен кепілге қолжетімділік мәселесін шешу - ШОБ-тің, әсіресе,  микробизнестің даму факторы. Сондықтан "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлеттік бағдарламасына "микро және шағын бизнесті микрокредиттеу" жаңа бағыты қосылады, - деді министр.
Министр атағандай, жаңа бағыт 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы қаржыландыруды көздейді. 
Кредит көлемі айналымдағы құралдарды толықтыруға 5 млн теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 млн теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ бизнес субъектілерінің кепілінің жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе де шешімін тапты - Даму қоры негізгі ұзақ займның 85%-ына дейін кепілдендіреді. Жаңа бағыт "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ рәсімдер мен ЕДБ-ні тартуды талап етеді. Сондықтан жаңа бағытты осы ай ішінде іске қосу жоспарланып отыр, - деді Руслан Дәленов.

Өзгелердің жаңалығы