Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Өскеменнің жаңа "Нұрлы Жол" шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Жұмыс қарқыны жақсы. Біз мұнда жалпы ауданы 400 мың шаршы метр болатын 48 көп қабатты үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл деген жаңа 4665 пәтер. Қазіргі уақытта 994 пәтерлі төрт 12 қабатты және бес 16 қабатты үйлер салынуда. Жақын арада мердігерлер 9 қабатты он үш үйдің құрылысына кіріседі, – деп жазды өңір басшысы.
Облыс басшысының мәліметінше, ШҚО-да баспана мәселесін шешу үшін алдағы 2 жылда тұрғын үй құрылыс көлемі 2 есеге арттыру жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттама 730 мың м2 дайын. Тек осы жылы өңір бойынша 480 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделіп отыр.