Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 13-14 қыркүйек күндері «Жолда қабылдау» акциясы өтеді, деп хабарлады Алтайньюс.
"Тәртіп сақшылары әр ауданды аралап азаматтардың көп жиналатын орындарына арнайы жабдықталған автобустарда қабылдау жүргізеді. Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлеріне түрлі шағымдарын айтып, полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы біле алады", - делінген таратылған ақпаратта.
«Жолда қабылдау» акциясы Өскемен, Риддер, Курчатов қалалалары мен облыстың 12 ауданында өтеді.