ШҚО-дан шығатын тары-талқан шетелге экспорттала бастады

13 Қыркүйек 2020, 10:41
2631
Бөлісу:
ШҚО-дан шығатын тары-талқан шетелге экспорттала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-ға қарасты Зайсан қаласының тұрғыны Бірлік Мамырбек ұлттық әрі таза табиғи тағам тары-талқан өндірісін жандандырды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Кәсіпкер осыдан жеті жыл бұрын тарихи отанына аспан асты елінен қоныс аударған. Кейін бауырларымен бірігіп, ұмыт болған өнімді шығара бастады. Бүгінде тауар үлкен сұранысқа ие. Тіпті Қазақстаннан бөлек шет елдерге экспорттала бастады. Ал оған қажетті шикізат Зайсанда өсіріледі. Кәсіпорын күніне бидай, сұлы және тарының 3 тоннасын өңдеуге қауқарлы. Өндіріс ошағында 10 адам еңбек етеді.

Ұлттық өнімімізді қайта жаңғыртып жатырмын. Жоғымызды түгендесек, қазақ бұдан да құдыретті, бұдан да мықты ел болады. Ата-бабаларымыздың жеген асын ұмытпауымыз керек. Бір екі айда шығып қалады деп отырмын. Балалар талқанының атауын «Батыр бала» деп қойдым, - дейді кәсіпкер  Бірлік Мамырбек.


Өзгелердің жаңалығы