Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Семейде COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Ауырғандардың ішінде екі оқушы тіркелген. Атап айтқанда, 2011 жылы туған ұл мен 2010 жылғы қыз бала. Сондай-ақ 1978, 1968 жылғы ер азаматтар мен 1995 жылғы жас жігіт бар. Бұл адамдардың бәрі бұған дейін ауруханаға түскен науқастармен жақын байланыста болғандар, – делінген хабарламада.⠀
Қазіргі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 48 адам тіркелген, оның үшеуі сырттан келгендер.