Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқтырма суқоймасындағы Васильев өткелінде қозғалыс ашылды. Екі ауданның арасындағы паром қатынауы қыс мезгілінен кейін қайта іске қосылып отыр. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
Айта кетсек, бұл өткел Катонқарағай және Көкпекті аудандарын байланыстырады.
Паром 5 мамырдан бастап таңғы сағат 7:40-тан кешкі сағат 22.00-ге дейін күнделікті жұмыс істеп тұр.
Паромның толық жұмыс кетесі:
- Катонқарағай ауданынан (оң жақ жағалау): 7:40, 9:00, 11:00, 13:00, 15:00, 17:00, 19:00, 21:00;
- Көкпекті ауданынан (сол жақ жағалау): 8:00, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00, 18:00, 20:00, 22:00.