ШҚО-да МӘМС жүйесіндегі медициналық мекемелер саны артты

22 Ақпан 2020, 15:29
1629
Бөлісу:
ШҚО-да МӘМС жүйесіндегі медициналық мекемелер саны артты

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта облыс бойынша МӘМС қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдардың саны 157-ге жетті.

Бұл жөнінде бүгін ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің облыс МӘМС жүйесіне кірді және ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін жүйедегі барлық азаматтар сақтандырылады. ШҚО бойынша Медициналық қызметтерді жеткізушілердің бірыңғай базасында тіркелген денсаулық сақтау субъектілерінің саны артты және бүгінгі күні 157 медициналық ұйымды құрайды, оның 103-і қормен тікелей шарттар жасасты, - деді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ ШҚОФ директоры Ғалымжан Әбілов.

Ұйым басшысының айтуынша, жыл басынан бері ШҚО-да МӘМС бойынша 280 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетіліп, оның 53 пайызында тар сала мамандарының кеңестері көрсетілсе, аспаптық зерттеулер (УДЗ, ЭКГ және т. б.) 16 пайызын, зертханалық қызметтер, оның ішінде генетикалық зерттеулер - 22 пайызын, стоматологиялық көмек - 7 пайызын құрады. Қаңтар айында МӘМС жүйесінде 421 облыс тұрғынына КТ және МРТ қымбат тұратын диагностикасы көрсетілді, МӘМС пакеті бойынша 1600 науқасқа стационарлық көмек көрсетілді, 2000-нан астам науқасқа стационарды алмастыратын көмек көрсетілді.

Осылайша, медициналық көмек халыққа барынша жақындап, қол жетімді болды, бүгінде сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған.

Сонымен қатар, "әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ ШҚОФ директоры Ғалымжан Әбілов Өскемен қаласының балалар стоматологиялық емханасының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің кешіктірілуі туралы ақпарат берді.

Бұл көрсетілген қызметтердің ақпараттық жүйелерге дұрыс енгізілмеуіне және төлем жүйесінде толық көлемде көрсетілмеуіне байланысты. Қателерді түзету үшін біраз уақыт қажет болды, ал бұл жүйеде 4000-нан астам жазба. Бүгінгі күні барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп, жақын арада көрсетілген кызметтерді төлеуге кірісеміз, - деп қосты Ғалымжан Әбілов. 


Өзгелердің жаңалығы