Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да COVID-19 тағы 1 фактісі расталды. 1965 жылғы әйел адам - Тарбағатай ауданының тұрғыны, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алдын ала қойылған вирусты пневмония диагнозымен провизорлық стационарға түскен науқас, алгоритмге сәйкес, дереу коронавирусқа тексерілген. ПТР әдісімен жүргізілген талдаулар COVID-19-дың оң нәтижесін көрсетті.⠀
Қазіргі уақытта ол инфекциялық бокста ем қабылдауда. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Айта кетейік, облыс аумағынан және шет мемлекеттерге шықпаған. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
⠀
Жалпы облыс бойынша осы сәтке 29 КВИ жағдайы тіркелген, оның 3-уі сырттан әкелінген. Аумақтық таралуы бойынша 7 жағдай Өскемен қаласына, 19 жағдай Семей қаласына, 1 жағдайдан Абай, Глубокое және Тарбағатай аудандарына тиесілі.