ШҚО-да доңғалақ ұрлаған азамат ұсталды

10 Қазан 2020, 13:30
1541
Бөлісу:
ШҚО-да доңғалақ ұрлаған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риддер қалалық полиция бөліміне автокөлігінің төрт доңғалағын ұрлап кеткені туралы  «ВАЗ-2110» көлігінің иесі арызданған. 

Жәбірленуші өзінің автокөлігін кешкі уақытта қоршалмаған техникалық қызмет көрсету станциясының маңына қойғанын, таңертең жалпы құны 148 000 теңге тұратын автокөлігінің төрт доңғалағын ұрланғанын айтқан. 

Жүргізілген бірқатар жедел-іздестіру шараның нәтижесінде күдікті ретінде 22 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, Өскемен қаласында ұсталды. 

Тергеу барысында қаскүнем есігі ашық қалған көлікті байқап, салонға кірген, ол жерден магнитолды ұрлаған. Ұрланған заттарды сатып, түскен қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі  300 000 теңгені құрайды. Ұрланған заттар алыпсатарлардан табылып, тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы