Үш күнге арналған ауа райы болжамы

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын жасады.&nbsp;</h4>

 11 Қыркүйек 2019 2019, 12:41
11 Қыркүйек 2019 2019, 12:41
2032

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын жасады. 

Алдағы тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ығысатын антициклонның әсерінен Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды, ал республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз 1…3°С үсік жүреді. Бірақ 13 қыркүйекте батыс сібірден кезекті арктикалық фронт еліміздің солтүстік аймақтарына, содан соң орталық және шығыс аймақтарына өз әсерін тигізеді. 

Осының салдарынан қайтадан жаңбыр басталып, нормадан төмен ауа температурасы сақталады. Қалған аймақтарда жауын-шашынсыз, ауа температурасы сақталады. 



Наверх