«Шұбаркөл» АҚ жылына 1000 тонна көмір өндіруді жоспарлауда

25 Қыркүйек 2020, 21:28
2070
Бөлісу:
«Шұбаркөл» АҚ жылына 1000 тонна көмір өндіруді жоспарлауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шұбаркөл көмір» АҚ-да тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғысында іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белсендірілген көмірдің алғашқы байқау партиясы өндірілді.

Кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңындағы химиялық зертханада өнімге талдаулар жасалып, оның сапасы өте жақсы екені расталды.   

«Шұбаркөл көмір» – Қазақстандағы ең ірі энергетикалық көмір өндірушілердің бірі. Шұбаркөл көмірі жоғары құнарлығы және төмен күлділігінің арқасында шынымен экологиялық жағынан таза энергия тасымалдаушыға жатады. «Шұбаркөл көмір» АҚ кокс-химиялық цехы негізінде ұсақ спецкокстан тәжірибелік-өнеркәсіптік белсендірілген көмірді өндіру жобасы Қазақстан Республикасының ғалым-технологтары әзірлеген технологияны енгізуді қарастырады. Оның кәсіпорын ғана емес ТМД елдері аумағында теңдесі жоқ. Жобаны кәсіпорын «ERG ғылыми-зерттеу инжиринг орталығы» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Нысанның өндірістік қуаты – жылына 1 мың тонна белсендірілген көмір.

Жобаның басты мақсаты – импортты алмастыру мәселесін шешу болып табылады. Белсендірілген көмірді қолдану саласы өте кең: гидрометаллургиялық, алтын қазу, фосфат өнеркәсібі, су тазарту. Бүгінгі таңда аталған өнімге сұраныс жоғары болғанына қарамастан, (жылына 7 мың тоннадан артық) барлық белсендірілген көмір Қазақстанға шетелден жеткізіліп келеді.

Шұбаркөлдік белсендірілген көмірдің басты артықшылығы шикізат ретінде арзан кокс ұсағын және энергия тасымалдаушы ретінде, қазіргі уақытта жағылатын кокс газын пайдаланғанынан, оның өзіндік құны төмен. Бұл жағдай өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату деген өте маңызды мәселені шешуге септігін тигізеді, – деді «Шұбаркөл көмір» АҚ операциялық тиімділік бөлімінің басшысы Александр Лапшин. 

Сонымен қатар осы технология бойынша алынған белсендірілген көмір нарықта бар өнімнен еш кем түспейді. Бірақ өзіндік құн бойынша ол негізгі бәсекелестерден 1,5 – 3 есе төмен болады.

Іске қосу мен жөндеу жұмыстарына «Шұбаркөл көмір» АҚ мамандарынан бөлек, жобаны ғылыми-техникалық тұрғыдан «ERG ҒЗИО» ЖШС  және «АимЛаб» ЖШС мамандары сүйемелдеді. Қашықтықтан қосылу арқылы жабдықты жасап шыққан  өндіруші-зауыттың «Сплайн – М» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) мамандары да жұмысқа жұмылдырылған.

Кәсіпорын стандартын алу үшін белсендірілген көмірдің тәжірибелік үлгілері тәуелсіз зертханаға тапсырылды. Келесі кезең – «Шұбаркөл көмір» АҚ-да белсендірілген көмірді өндіруді мен өткізуді бастауға мүмкіндік беретін сапа сертификатын алу.

Шұбаркөл мамандары әзірлеген жобаны сәтті пайдаға жарату кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстандық өндірушілер шығаратын өнім үлесін көбейтеді.

Өзгелердің жаңалығы