Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;20 қарашада үш қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. </p>

 20 Қараша 2019 2019, 08:31
20 Қараша 2019 2019, 08:31
4826

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қарашада үш қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сәрсенбіде Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Наверх