Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 26-28 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды.
Оның келуімен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты кей жерде жауын-шашынды болады.
Республика бойынша кей жерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.