Сейсмологтар иіс сезгіш иттер зілзаланың алдын алуға көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Иіс сезгіш иттердің қандай жағдай болмасын бізді қатерден құтқаруда көмегі көп. Халқымыз жеті қазынаға теңеген адамдардың ақылды серігі қалай тіршілік етуде?
Алматыда болжам полигонының аумағында қызметтік иттердің мінез-құлқы бақыланатын 5 биостационар жұмыс істейді. Еліміздің ТЖМ министрі Ю. В. Ильин жақында Сейсмология институтына келген сапарында табиғаттың қауіп-қатерін алдын алуда осы институтта сейсмогеология зертханасында жүргізіліп отырған әдістемелер қатарында қызметтік иттерді мейлінше тартуды тапсырған болатын.
ҚР ТЖМ сейсмология институты сейсмобиология зертханасының меңгерушісі міндетін атқарушы Наталья Суровцева қызметтік иттерді ұстау жағдайы және оларға күтім жасау ерекшеліктері жайлы айтып берді.
Институттың сейсмогеология зертханасында қызметтк иттерді табиғаттың тосын апатын алдын ала болжам жасау үшін маңызды. Өйткені адамдардың адал досы бола білген иттер өте сезімтал келеді. Олар адамға қызмет етеді, олай болса мұндай иттерге де аса күтім қажет. Осы уақытқа дейін иттерді бақылаудың бұл әдісі болған емес. Күнделікті олардың мінез-құлықтарына бақылау жүргізілетін әдістемелер, яғни сейсмобиомониторинг деректерін Сейсмология институтының сейсмобиология зертханасына беріп отыратын болады. Төтенше жағдайды болдырмауға қызмет етуші иттердің қызмет ету мерзімі 8 жыл. Оларды әскери жануар деп атауға болады, – деді Суровцева.