Сейтжанов құжатсыз азаматтар қай өңірде көп тіркелгенін айтты

29 Маусым 2021, 13:10
4926
Бөлісу:
Сейтжанов құжатсыз азаматтар қай өңірде көп тіркелгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да құжатсыз тұратын, мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау жөніндегі акцияның қорытындылары туралы өткен брифингте айтты.

Құжаты жоқ адам барлық құқығынан айырылып отыр. Сол себепті сондай адамдарды анықтап, тиісті құжаттармен қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр. Олар анықталған соң, тексерістен өтеді. Жеке басын анықтап, қылмысқа қатысы жоқтығы зерттеледі. Барлығы таза болса, жеке куәлікпен қамтамасыз етеміз не болмаса азаматтағы жоқ деген мәртебе береміз, - деді ол.

Сабыржан Сейтжанов атап өткендей, құжатсыз жүрген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы керек.

Алайда біз оның не себепті құжатсыз жүргенін тексереміз. Көп жағдайда құжатсыз жүрген адамдар оңтүстік өңірлерде көп кездеседі. Кейде құжаттар адамдардың немерелеріне дейін болмайды. Балаларын мектепке де бере алмай жатады, - деді ол.

Сейтжанов шетелден келген әрбір азамат тіркеуде тұрғанын айтты.

Олардың мекенжайы мен тоқтаған орны базада бар. Шекарадан шығуы мен кіруі де тіркеледі. Мәселен, Қытай азаматтардың 99 пайызы - этникалық қазақ, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы