Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні терең, белсенді циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктер елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай тудырады. Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 Қыркүйек 2023 2023, 08:10
АВТОР
 архив 12 Қыркүйек 2023 2023, 08:10
12 Қыркүйек 2023 2023, 08:10
889
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні терең, белсенді циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктер елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай тудырады. Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарында өрт тұтану қаупі бар.

Наверх