Сейсенбіде Ақтөбе мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

3 Наурыз 2020, 08:45
1434
Бөлісу:
Сейсенбіде Ақтөбе мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 3 наурыз күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

"Қазгидромет" РМК-нің хабарлауынша, 2020 жылдың 3 наурыз күні Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы