Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

21 Сәуір 2020, 08:16
1554
Бөлісу:
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпалы әсер етіп, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Циклонның әсерінен елдің батысы, солтүстік-батысы және қиыр солтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы