Сейсенбі, 24 мамырға арналған ауа райы болжамы

24 Мамыр 2022, 08:05
1106
Бөлісу:
Сейсенбі, 24 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда облысының орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен соққан жел 15-20 м/с соғады.

24 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

24-25 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жарма ауданында өрттің төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

24 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстын батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы