Сейфуллин және Уәлиханов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

30 Мамыр 2021, 20:48
1960
Бөлісу:
Сейфуллин және Уәлиханов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастады. Осыған байланысты Сейфуллин және Уәлиханов көшелерінің қиылысында қозғалыс тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 30 мамыры күні сағат 17:00-ден бастап 31 мамыр күні сағат 06:00-ге дейін С.Сейфуллин және Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы автокөлік қозғалысы толығымен жабылады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген басқарма хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы