Сеулдегі қазақстандық: Референдумға қатысу – әр азаматтың парызы

Ол шетелде жүрген азаматтарға осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

 Сыртқы істер министрлігі Кеше 2026, 03:50
Кеше 2026, 03:50
265
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сеул қаласындағы референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері, Қазақстан азаматы Ернар Сарсенбаев дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол шетелде жүрген азаматтарға осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

Мұндай маңызды ұлттық мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіру – әр азаматтың парызы. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді, – деді Е.Сарсенбаев.

 

Наверх