Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты балама энергия көздерін іздеп жатқан Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай жеткізу туралы келісімге қол қоюға жақын. Бұл туралы жексенбі, 12 сәуір күні елдің өнеркәсіп министрі Ким Чжон Кван мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Елеулі ілгерілеу бар, сондықтан нақты көлемдер мен егжей-тегжейін келесі аптаның басында жариялай аламыз, – деді министр жергілікті KBS телеарнасына берген сұхбатында.
Осы айдың басында президент әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик Киммен бірге Қазақстанға келіп, Ормуз бұғазы арқылы тасымалдаудағы іркілістер аясында шикі мұнай мен нафта жеткізілімін қамтамасыз ету мәселесін талқылаған.
Қазақстан өте алыс көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде жеткізу мерзімі АҚШ-тан тасымалдау уақытымен шамалас – шамамен 50–60 күн, – деді министр.
Оның сөзінше, Орталық Азия еліне жасалған сапар мұнай жеткізу арналарының ұзақ мерзімді әртараптандырылуына бағытталған.
Оңтүстік Корея энергия ресурстарының импортынан толықтай дерлік тәуелді. Оның ішінде мұнай сатып алудың шамамен 70 пайызы Таяу Шығыс елдеріне тиесілі. Өткен айда ел Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан 24 млн баррель мұнай жеткізу жөнінде міндеттеме де алған.