Серікбай Трұмов: Негізгі мақсат – бөлінген бюджеттің көздеген нысанға жетуі

8 Ақпан 2022, 19:47
1782
Бөлісу:
Серікбай Трұмов: Негізгі мақсат – бөлінген бюджеттің көздеген нысанға жетуі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің төрағалық етуімен өткен бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты сенатор Серікбай Трұмов өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының төрағалық етуімен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлерге бөлінетін қаражаттың теңгерімсіздігіне байланысты комитетте арнайы жұмыс тобы құрылып,  жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Қазіргі Мемлекет басшысының арнайы тапсырмаларының бірі – өңірлерге бөлінетін қаражаттың теңгерімсіздігіне байланысты болды. Осыған сәйкес біздің комитетте арнайы жұмыс тобы құрылды, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп, сараптама жасалуда. Басты  мақсат – әрбір өңірдегі негізгі әрі ең өзекті деген мәселелерге қаржы жету керек. Сенат қабырғасындағы депутаттар да өңірден сайланған, әрбір аймақтың мән-жайын, жағдайын, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсы біледі. Сондықтан біздің жұмыс тобы өте жоғарғы деңгейде қазір қызмет етуде, – сенатор.

Сондай-ақ ол республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің көздеген нысанына жету керектігін де айтты.

Негізгі мақсатымыз – республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің көздеген нысанына жетуі болып отыр. Бұл – негізгі сипаттағы трансферт, одан кейін мақсатты трансферттердің өңірлерге бөлінетін көлемі де аса маңызды мәселе қатарында. Мысалы әр өңірдің әртүрлі мәселелері бар. Атырау өңірінде ауыз, экологияға және жолға қатысты мәселелер бар. Батыс Қазақстан облысында электр энергиясына қатысты мәселелер байқалады. Біздің оңтүстік өңірлерде халық санының өсуіне байланысты мектептердің құрылысына қажетті қаражат керектігі бар. Біз осы қаржының тиісті өңірдегі өзекті мәселелерге жетуі үшін жергілікті атқарушы органдармен, министрліктермен бірлесіп жұмыс тобы құрылды және олармен жұмыс жасап жатырмыз, – деді Серікбай Трұмов.

Өзгелердің жаңалығы