Серік Жұманғарин ҚҚС-ты көтеру кімдерге қатысты болмайтынын нақтылады

Бүгiн, 15:37
568
Бөлісу:
Серік Жұманғарин ҚҚС-ты көтеру кімдерге қатысты болмайтынын нақтылады
Фото: BAQ.KZ архив

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық реформаның кімдерге қатысы жоқ екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Осы бастамалар аясында (салық реформасы) көптеген сарапшы пайда болғанын көрдік, түрлі мәлімдемелер жасады. Мәселен, кеше ғана өңірлердің бірінде дүкен иелері пікірін айтқан... Біз үнемі халықпен тікелей жұмыс істейтіндердің барлығына – бөлшек сауда нысандарына, яғни соның ішінде үй жанындағы дүкендерге, дүңгіршектерге, мейрамханалар мен шаштараздарға бұл реформа әсер етпейтінін айтып келеміз. Олар бөлшек сауда режимінде жұмыс істеген тәртіпте қызметін жалғастыра береді. Атап айтқанда, олар үшін өзгермейді, - деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол ҚҚС мәселесі қай бағытты қамтитынын айтты.

Бұл реформа бөлшектеніп кеткен бизнестің белгілі бір бөлігіне ғана қатысты. Отбасын асырап, халықпен жұмыс істеп, базарда сауда жасайтындарға бұл реформаның әсері жоқ, бөлшек сауда салығы өзгеріссіз қалады, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Еске салсақ, жақында Серік Жұманғарин қосымша құн салығы шегін неліктен көтеру қажет екенін түсіндірді.

Үкімет қосылған құн салығын 20 пайыз көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы