Серік Жұманғарин агенттіктің 2022 жылы атқаратын жобалары туралы айтты

25 Ақпан 2022, 12:27
1178
Бөлісу:
Серік Жұманғарин агенттіктің 2022 жылы атқаратын жобалары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша алқа отырысында агенттіктің төрағасы Серік Жұманғарин 2022 жылы агенттіктің атқаратын жобалары туралы айтты.

Ол агенттіктің алқа отырысында 2022 жылға арналған жоспарларға тоқталды.

Бірқатар маңызды тапсырма бойынша біз Мемлекет басшысының атына тиісті ақпаратты енгіздік – бұл сұйытылған газ нарығындағы тергеп-тексеру, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу тәртібін қайта қарау, жеке операторлардың қызметін, поездарды өткізуге арналған кірме жолдар операторларының қызметін шектеу мәселелері, - деді Жұманғарин.

Агенттік төрағасы агенттіктің жұмысындағы ең маңызды бағыттарды атады:

- монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту, фаворитизмнен қорғау тұрғысынан монополиялық нарықтар бойынша;

- монополиялық топтарды, оның ішінде олардың аралас тауар нарықтарына әсерін, экономикалық тиімділігін және монополиялық шығындардың болуын бағалау мен делдалдық тізбектерді алып тастау бойынша;

- мемлекеттік және жеке, жасанды түрде құрылған монополиялар операторларының одан әрі жұмыс істеуінің орындылығы бойынша кешенді талдау болып табылады.

Сондай-ақ «соңғы километр» инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар әзірлеу және қабылдау маңызды бағыттың бірі. Кәсіпкерлік жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады. 

Биыл бәсекелестік блогы бойынша қандай жобалар іске асырылады:

- орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясы көлемінің өсуі (10%-ға дейін);

- энергия жеткізушіні ауыстыру бойынша marketplace құру;

- биржадағы мұнай өнімдері (12%), көмір үлесінің өсуі;

- бірыңғай операторлар санын азайту (45-ке дейін);

- бәсекелі тәсілмен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер көлемін ұлғайту;

- мемлекеттік тапсырмалар санын азайту.

Бәсекелестікті қорғау мен дамыту жөніндегі 2026 жылға дейінгі тұжырымдаманы қабылдау өте маңызды. Тұжырымдама елдің бәсекелестік саясатын одан әрі дамыту пайымын қалыптастырады. Тиісті жоба қазір мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтіп жатыр, - деп өз сөзін қорытындылады Серік Жұманғарин.

Өзгелердің жаңалығы