Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 27 қараша күні Еңбекминінің қоғамдық қабылдауында азаматтарға онлайн түрде қабылдау өткізді.
Азаматтар министрге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру, оларға оңалту және санаторий-курорттық емдеу, инватакси және жеке көмекшілер қызметтерін көрсету мәселелері бойынша көмек және кеңес алу үшін жүгінді.
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, зейнеткерлікке шығу, сондай-ақ зейнетақы төлемдері және декреттік жәрдемақы тақырыптары көтерілді. Еңбекминінің басшысы сондай-ақ еңбек даулары мен жұмысқа орналасудағы қиындықтар мәселесін қарады.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсетуге тапсырма берді.