Серік Шәпкенов: Атырау мұнайлы өлке ғана емес, өнердің де өлкесі

9 Желтоқсан 2022, 19:26
1191
Бөлісу:
Серік Шәпкенов: Атырау мұнайлы өлке ғана емес, өнердің де өлкесі

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов қаламгерлермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Қойшығұл Жылқышиев, Төлеген Жаңабай, Өтепберген Әлімгереев, Бекет Қарашин, Гүлзада Ниетқалиева, Әлия Даулетбаева, Бақтыгүл Бабаш, Сайпеден Сейдеғалиев, Нұрым Ерғалиев, Нұрлығайын Нұғманов, Болат Дәулетов, Жұмабай Доспанов, Мұрат Бектенов, Бақытгүл Сәрменова және «Фариза жұлдыздары» жас ақындар клубы мүшелері қатысты.

Аймақ басшысы өнердің, шығармашылықтың ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде маңызды орын алатынын айта келіп, жазушы, өлкетанушы Сайпеден Сейдеғалиевке Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Атырау мұнайлы өлке дегенді естимін, алайда біздің аймақ өнердің де өлкесі. Тың жобалар болса біз оны қолдауға дайынбыз. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Сіздерге қолайды жағдай жасау мақсатында аймағымызға өнер, жастар ордасын салу жоспарда бар, деді Серік Шәпкенов.

Қазақстан жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев аймақ басшысына облысымыздың 37 жас ақынның жинағы «Армантауға асыққандар» кітабын табыстады. Сондай-ақ, қаламгерлердің туындыларын басып шығаруға және жас ақын, жазушылардың шығармашылығын қолдау бағытындағы ұсыныс, пікірлерін жеткізді. Жас қаламгерлер жаңа жобалар ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы