Серік Сәлменов дзюдодан Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрияның Оберварт қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Серік Сәлменов қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz.</h4>

 17 Ақпан 2020 2020, 09:32
17 Ақпан 2020 2020, 09:32
1962

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрияның Оберварт қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Серік Сәлменов қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

100 келіге дейінгі салмақта  белдескен балуан кіші финалда швейцариялық Имала Оттоны жеңді. Жарыс барысында ол барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Тек жартылай финалда Бразилия өкілі Рафаель Бузакариниге есе жіберді.

Айта кетерлігі, Обервартта өткен Еуропа кубогін Қазақстан құрамасы екі қола жүлдемен аяқтады. Жарыстың бірінші күнінде Қанат Сейілхан (60 кг) қола жүлдені қоржынға салған еді. 

Наверх