Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Бүгін Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтуі керек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 Наурыз 2023 2023, 15:14
АВТОР
 inform.kz 30 Наурыз 2023 2023, 15:14
30 Наурыз 2023 2023, 15:14
1399
Фото: inform.kz

Бүгін Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтуі керек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz мәліметінше, айыпталушы сотқа келмеді. 

Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.

Бұған дейінгі сот отырысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді. Дегенмен Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге қалғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік,  Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталды.  Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды. 

Наверх