Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Серік-голова" лақапатымен танылған қылмыс әлемінің серкесі Серік Жаманаевтан қару-жарақ арсеналын тәркіледі.
Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Тінту барысында екі Калашников автоматы, алты тапанша, екі РГД-5 гранатасы, шолақ мылтық, төрт аңшылық қару, суық қару (төрт кинжал) және брон кеудешесі тәркіленді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 21,5 мың доллар, 6,3 миллион теңге және ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері жәбірленушілерден тартып алынған заттар тәркіленген.
Осыған дейін 2020 жылы 1 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақапаты - "Серік-голова") жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кескені туралы хабарланды.
Серік Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамалды.