«Сергек» бейне-бақылау жүйесін Киевте енгізілуі мүмкін

25 Ақпан 2019, 22:56
2458
Бөлісу:
«Сергек» бейне-бақылау жүйесін Киевте енгізілуі мүмкін

Астана, BAQ.KZ.Жақын арада «Astana Innovations» компаниясы Киев әкімшілігімен «ақылды» қаланы дамыту тәжірибесімен бөліседі, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Facebook парақшасында жарияланған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ақпараты бойынша украиналықтарды бәрінен бұрын «Сергек» бейне-бақылау интеллектуалдық жүйесі қызықтырады.

«Бізге Астанадағы бейне-бақылау жүйесінің жүзеге асуы өте ұнады. Бұл жоба бізде осы жылы жүзеге асырыла бастайды деп жоспарлануда. Бізге Астананың тәжірибесі өте маңызды, оның қалай жүзеге асқаны біз үшін үлгі», – деді Kyiv Smart City жобасының үйлестірушісі Юрий Назаров.

Астанада «Сергек» бейне-бақылау жүйесін енгізгеннен бері жол-көлік оқиғасы айтарлықтай азайды, ал ауладағы қылмыс екі есеге қысқарды.

Астананың көптеген тұрғындары «Сергек» жүйесін тек камера деп ойлайды. Бірақ көшедегі шам бағандарында орнатылған «Сергек» камерасының стандартты модулінің өзі коммутационды блогы бар, дербес қуаттағышты мен сымсыз байланысы бар камера болып табылады. Камера жоғары сезімтал өзіндік радармен және неше түрлі датчиктермен жабдықталған.

«Сергек» бейне-бақылау жүйесінің ерекшелігі: оңай құрылады, сымсыз, қоршаған ортаның зиянды әсеріне төзімді, нақты жағдайда көліктің мемлекеттік нөмірлерін анықтау мүмкіндігіне ие.

Одан бөлек, бейне-бақылау модулі жолдағы нысанның жағдайын және жылдамдығын анықтай алады.

Ал, модульдің экологиялық датчиктері нақты жағдайда қоршаған ортаның жағдайын, СО2 концентрациясын, шу деңгейі, атмосфералық қысым, ылғалдылық және температураны анықтайды.

Бейнекамерадағы және датчиктердегі барлық ақпарат сымсыз арна арқылы серверлерге жіберіледі, кейіннен ахуалдық орталықта өңделеді.



Өзгелердің жаңалығы