Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сербияда жаппай тәртіпсіздіктен кейін ондаған адам қамауға алынды

29 Маусым 2025, 15:51
735
Бөлісу:
 Bloomberg
Фото: Bloomberg

Сербия астанасы Белградта он мыңдаған адам қатысқан ауқымды антиүкіметтік шеру өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наразы топ президент Александр Вучичтің отставкасын және елде кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.

Bloomberg агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 28 маусым күні кешке қарай жағдай шиеленісіп, тәртіп сақшылары светошумды граната мен көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Ал митингке шыққандар тас лақтырып, полициямен қақтығысқа түскен.

Сербия Ішкі істер министрі Ивица Дачичтің айтуынша, ондаған адам ұсталған, кемінде алты полиция қызметкері мен екі бейбіт тұрғын жарақат алған.

Полиция тәртіпті қалпына келтіреді және кез келген шабуылға тойтарыс береді, – деді министр.

Айта кетейік, Сербияда наразылық шерулері бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Билікке сенімсіздік танытқан оппозициялық топтар саяси реформалар мен әділ сайлау өткізуді талап етіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы