Алматыда септик үшін пайда болған берешек есептен шығарылды

31 Желтоқсан 2019, 20:31
4868
Бөлісу:
Алматыда септик үшін пайда болған берешек есептен шығарылды

Алматы, BAQ.KZ. Көптеген тұтынушының сұранымынан кейін Алматы қаласы әкімінің қаулысымен септик үшін пайда болған берешекті есептен шығару мәселесі оң шешімін тапты. 

Бұл туралы "Алматы су" хабарлады.

Мекеменің хабарлауынша, 2009-2015 жылдары Алматы қаласында жеке тұрғын үйлерде тұратын және орталық кәрізге қосылмаған тұтынушыларға сол сәттегі қолданыстағы ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес су бұру қызметі бойынша есептеулер жүргізілген.

Заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін, яғни 2015 жылғы мамыр айынан бастап, септик үшін есептеулер жүргізілген жоқ. Сонымен бірге, бұрын жүргізілген есептеулер (2009-2015 жылдар аралығындағы) ай сайын түбіртектерде көрсетілетін. 2019 жылғы 30 желтоқсаннан бастап, Алматы қаласы әкімінің қаулысымен септик берешегі есептен шығарылды, - делінген хабарламада.

"Алматы Су" кәсіпорны қаңтар айында тиісті түзетулер жүргізіп, 2020 жылдың ақпан айындағы түбіртекте толық көлемде көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы