ШЫҰ өзара сенім, теңдік қағидаттарын сақтау арқылы дамуда - Ермекбаев

30 Сәуір 2019, 14:05
2179
Бөлісу:
ШЫҰ өзара сенім, теңдік қағидаттарын сақтау арқылы дамуда - Ермекбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери ведомство басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысты. 

ШЫҰ шеңберінде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков  ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшыларын қабылдады. Кездесуде өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі міндеттерді шешу үшін бірлескен күш-жігерді өрістету қажеттілігі туралы атап өтілді.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрлері әрі қарайғы өзара іс-қимыл, қауіпсіздік аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Басымдық бағыттардың ішінде терроризм, экстремизм және сепаратизмге қарсы тұру, өңірдегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтау, елдеріміздің тұрақтылығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету болды. 

2020-2031 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспары бекітілді және бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу турады хаттамаға қол қойылды.  

«Мемлекеттеріміздің басшыларының жетекшілік етуімен ШЫҰ өзара сенім, теңдік, құрмет, жалпы дамуға талпыныс пен «шанхай рухын» ұстап тұру қағидаттарын сақтау арқылы дамуда», - деді ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев. 

Сөз сөйлеу барысында ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың басымдық бағыттары жамандықтың үш күшімен, яғни, терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресу болып жатқанын атап өтті.  

Осыған байланысты, Ресей Федерациясында өткізілген «Бейбіт миссия – 2018» бірлескен әскери терроризмге қарсы оқу-жаттығуының мәні атап өтілді. Оған алғаш рет Үндістан мен Пәкістанның қарулы күштері қатысты. Аталмыш оқу-жаттығуларды өткізу практикасын жалғастыру қажеттілігі айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар 2018 жылы құрылған тиімді консультациялық механизм болған қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы сараптамалық жұмыс тобының қызметіне жоғары баға берді. 

Кезекті отырыс 2020 жылы Ресей Федерациясында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы