"Сене беруге болмайды". Экология министрі жаңбыршы Алтай Айнабек туралы пікір білдірді

30 Шілде 2024, 12:07
4864
Бөлісу:
"Сене беруге болмайды". Экология министрі жаңбыршы Алтай Айнабек туралы пікір білдірді
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «жаңбыршы»  атанып кеткен Алтай Айнабектің жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі “Алтай Айнабек соңғы уақытта әлеуметтік желіде көп талқыланып жүр. Сіздер оның Аралды толтыру жобасына қатысты қандай баға бересіздер? деп сұрады.

Нысанбаевтың сөзінше, онсыз да бұл күндері Қазгидрометтің болжамы бойынша жаңбыр жауу керек еді. Жалпы министр алғашқы 10 күнге берілген болжам әркез нақты болатынын айтады.

Әлемде бұл мәселемен айналысатын ғалымдар да, мекемелер де иондау тәсіліне күмәнмен қарап отыр. Бұл өзі былай адам сеніңкіремейтін, әрі нақты дәлелі жоқ тәсіл. Арал өңіріндегі жаңбыр туралы айтсақ, әрине біз қызығушылық танытып, Қазгидромет мамандарын шақырып қарадық. Синоптиктер болжамы бойынша сол күндері жаңбыр жауу керек еді. Сол себептен дүниежүзіндегі ғалымдардың ұстанымымен айтсақ, бұған көп сене беруге болмайды, — деп жауап берді Экология министрі.

Еске сала кетейік, соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қолдан жаңбыр жауғызды" деген Алтай Айнабектің еңбегі қызу талқыға түскен еді. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі Алтайдың өзіне хабарласып, жұмысы жайлы сұрап көрген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы