Сенбіге арналған ауа райы болжамы

25 Сәуір 2020, 08:12
1135
Бөлісу:
Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 25 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. 

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста және батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, дауыл, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-18 м/с күшейеді. 

Түркістан, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы