Сенбіге арналған күн райы болжамы

9 Шілде 2022, 09:20
1291
Бөлісу:
Сенбіге арналған күн райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы шілденің 9-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, республиканың шығысында дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта тұман түседі. Тек Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарына батыс антициклоны ығысып, күн ашық болады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, Абай облысының шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы