Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Қарағанды облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с.
Түркістан облысында Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда күн райы күрт төмендеуі күтіледі.
Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с жетеді.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с оңтүстік-батыс бағыттағы жел күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Күннің екінші жартысында облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу болады.
Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетуі болжанады.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 17-22 м/с күтіледі.
22 қазанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында, батыстан, солтүстік-батыстан жел 23 м/с жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының көп бөлігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз батысында, орталығында қатты (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с.
Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.