Сенбі, 3 қазанға арналған ауа райы болжамы

3 Қазан 2020, 08:45
1280
Бөлісу:
Сенбі, 3 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қазанда република аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Павлодар, түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең 2 градус үсік күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы