Ресейлік журналистер Германияда қаза тапқан қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның ісіне қатысты деп аталған Донцовтар отбасының анасы мен ұлын Мәскеуден тапты. Олар Ресей астанасында тұрып, жұмыс істейді. Бұл туралы 112 telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Telegram-арна күдіктілердің эксклюзивті кадрларын жариялады. Журналистермен сөйлескен Александр Донцов өз қатыстылығын қатты жоққа шығарып, істің айналасындағы ақпарат бұрмаланғанын айтты.
Сіздер өте көп қателестіңіздер. Өте көп жалған ақпарат көрсетілді. Адамдар, арандатушылыққа берілмеңіздер, сенбеңіздер. Бұл бандиттік әдістерге бой алдырмаңыздар, - деді Донцов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматы Қанат Сайлыбаев Германияда әпкесі Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Айгүл Сайлыбаева - Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы және “Болашақ” бағдарламасының түлегі. Сонымен бірге, ағасының айтуынша, Айгүл ұзақ уақыт бойы күйеуі мен енесінен зорлық-зомбылық көрген.
СІМ-де Германияда жоғалған қыздың ісі ерекше бақылауда екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германиядағы Бенсхайм қаласының маңынан табылған. Экс-судьяның денесінен пышақ жарақаттары табылған болатын.
2025 жылдың желтоқсан айының соңында БАҚ Александр Донцов пен оның анасы Натальяны Мәскеуде полицияға жеткізілгенін хабарлаған еді.
ҚР ІІМ Германияда қаза тапқан қазақстандық судья ісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын айтқан болатын.
Сонымен қоса Германияда мәйіті табылған судья Айгүл Сайлыбаеваның жұбайы мен енесіне Қазақстанның Ішкі істер министрлігі іздеу жариялады.