"Сенбеңіз!". Министрдің атынан жалған хабарлама таратылған

17 Мамыр 2024, 15:08
745
Бөлісу:
"Сенбеңіз!". Министрдің атынан жалған хабарлама таратылған
Фото: Еңбекмині баспасөз қызметі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған жалған аккаунттардан белгісіз адамдар жеке хабарламалар жіберуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбекминінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өзге адамның атын пайдаланып азаматтарды әңгімеге тартуға және қандай да бір жолмен жеке деректерді алуға немесе басқа да алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады.

Еңбекмині басшысының атынан жазылған хабарламалар жалған екенін хабарлаймыз. Егер сіз осындай фактімен бетпе-бет келсеңіз, ондай хабарламаларға сенбеуіңізді және оларға жауап бермеуіңізді, алаяқтарға сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау үшін жіберілген сенімсіз сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, өткен айда WhatsApp және Telegram қосымшаларында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылып жатқаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы