Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап ҚР Парламенті Сенатының жаңа веб-сайты іске қосылды. Оған http://senate.parlam.kz/ сілтемесі арқылы кіруге болады.
Сенаттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жаңартылған ресми сайт арқылы сенаторлармен байланыс жасау мүмкіндігі кеңейді.
"Сенат депутаттарының жеке парақшаларында өтініш не қызықтыратын сұрақтарды қалдыруға болады. Заң жобасын ұсыну айдарында кез келген азамат тұрақты комитеттердің қарауына заңдарды ұсына алады. Сондай-ақ, порталда маңызды құжаттар, заң жобалары, стеннограммалар толығымен жарияланды. Депутаттық сауалдар мен палатаның ұсыныстарын бөлек айдардан көруге болады", - делінген хабарламада.
Сенаттың пленарлық отырыстары, комитет жиындары мен басқа да іс-шаралары тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Сайт арқылы Сенаттың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына да өтуге болады. Жаңалықтарды әлеуметтік желілер арқылы оқитындар үшін:
Instagram: https://www.instagram.com/senate_kz/
Facebook: https://www.facebook.com/senat.qazaqstan
Twitter: https://twitter.com/senate_kz
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCN7ci5peVk5J1KdWckbyKBA
Естеріңізге сала кетейік, Сенат Төрағасы IV сессия қорытындысы бойынша өткен Сенат отырысында палата қызметі барынша ашық болатынын айтқан еді.
"Бұл бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынды. Сенаттың сайты жаңартылып, Парламент жоғарғы палатасының заңнамалық және жұмыс материалдарына күзден бастап қол жетімді болады", - деді Дариға Назарбаева.