Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында жаңадан сайланған Жоғарғы Сот судьясы Нұрсерік Шәріпов ант берді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметіне сайланды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жоғарғы Сот судьяларының анттарын қабылдау Сенаттың ерекше қарауына жататынын айтты.
Жоғарғы Сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланған судья Сенаттың мінбесінде қызметіне адал болуға ант берді.
Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін ҚР Конституциясы мен заңдарына ғана сүйене отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым міндеттегендей, бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін, – деді Нұрсерік Шәріпов.