Сенатта жаңа депутат ел халқы алдында ант берді

16 Қыркүйек 2021, 09:25
7272
Бөлісу:
Сенатта жаңа депутат ел халқы алдында ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында жаңа депутат халық алдында ант берді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трымов Сенат депутаты болып тағайындалды. Серікбай Өтелгенұлы жұмысшыдан басталған еңбек жолында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, қала, облыс әкімі сияқты жауапты қызметтерді атқарып, туған өңірінің өсіп-өркендеуіне зор еңбегін сіңірді. Енді біздің қатарымызға қосылып отыр, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Әшімбаев сенаторды тағайындалуымен құттықтап, депутаттық қызметіне табыс тіледі.

Айта кетейік, Конституциялық нормаларға сәйкес жаңадан тағайындалған депутат палата отырысында ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді жаңадан тағайындалған депутат.

Сенат депутаты Серікбай Трұмов Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің құрамына сайланды.


Өзгелердің жаңалығы