Сенатта ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелері талқыланды

22 Маусым 2022, 18:00
895
Бөлісу:
Сенатта ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғыртудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда қабылданған ұсынымдардың іске асу барысын талқылады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет хатшысы Нариман Төреғалиев өз сөзінде қаңтардағы оқиғалар осы тақырыптың өзектілігін және идеология саласындағы сапалы өзгерістердің қажеттігін айғақтағанын атап өтті.

Ұлттық құндылықтарға негізделген ұлттық идеология болмайынша біз қалыптасқан жағдайды түзете алмаймыз. Осыған байланысты бұл мәселені шешу үшін парламенттік тыңдаулар өткізіліп, бірқатар депутаттық сауалдар айтылды, - деді сенатор.

Кеңейтілген отырыста ұсыныстардың іске асырылу барысы туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова және мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрқиса Дәуешов баяндама жасады.

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов отырыс барысында Үкімет жыл бойы белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті. Атап айтқанда, ол қазақ халқының тарихи хронологиясы мен нақты деректеріне негізделетін "Бір ел – бір тарих" көп томдық кітабын әзірлеу мәселесін қараудың маңызын атап өтті.

Сенаторлар сонымен қатар осы саладағы заңнаманы жетілдіру үшін «Неке және отбасы туралы» Заңға өзгерістер енгізу ұсынысының Үкімет тарапынан да қолдау тапқаны маңызды екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы