Сенатта ТМД елдері арасында алмасу кезінде дербес деректерді қорғау мәселелері қаралды

15 Наурыз 2022, 15:23
1290
Бөлісу:
Сенатта ТМД елдері арасында алмасу кезінде дербес деректерді қорғау мәселелері қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімнің мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында өзара құқықтық көмек көрсету, оның ішінде азаматтығының болуы немесе болмауы, көші-қон есебіне қою, виза беру, жеке басын куәландыратын құжаттар және басқа да мәселелер туралы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін құру болып табылады.

Келісімді қабылдау арқылы қос азаматтық фактілерін жедел анықтау, оған қарсы күрес және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жоспарланып отыр. Тараптар арасында Келісім бойынша сұратылатын ақпарат үшінші елдер мен ұйымдарға жария етілмейді, ал тараптар дербес ақпаратқа кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, беруден, таратудан және осындай ақпаратқа байланысты өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауға міндеттенеді, - деп атап өтті отырыс барысында сенатор Рысқали Әбдікеров.

Талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы